«Қазаэронавигация» РМК басшылығы Terminal Holding компаниясының өкілдерімен кездесті
Салынған уақыты 15.01.2024 14:51
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Қазаэронавигация» РМК кеңсесінің қабырғасында Кәсіпорын басшылығының Terminal Holdings компаниясының өкілдерімен ұшу-қону жолағын реконструкциялауға дайындық мәселесі бойынша кездесуі өтті. Terminal Holding компаниясы жобаның стратегиясы мен негізгі кезеңдерін таныстырды, сондай-ақ алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес реконструкцияның басталуы ағымдағы жылдың наурыз айының соңына жоспарланған. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен қатар, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері жобаның жұмыс тобына кіретін болады, оның шеңберінде реконструкция кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс жоспары талқыланатын болады.
Ұшу-қону жолағын реконструкциялау ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
1006