ruenkz

ИКАО мен Google компаниясы көміртектің авиациялық эмиссиясының көлемін есептеу әдістемесін жетілдіруде ынтымақтасуға келісті

Салынған уақыты 09.01.2024 15:55

ИКАО мен Google компаниясы көміртегі шығарындыларын есептеу әдістерін әзірлеу және авиация саласын кеңірек декарбонизациялау саласында тәжірибе алмасуға бағытталған жаңа ынтымақтастық жобасын жариялады.

Жаңа келісім аясында екі ұйым бірлесіп ынтымақтастық пен тиісті әдістемелерді жетілдіру мүмкіндіктерін іздейтін болады. Бұл қарапайым азаматтарға, салалық мүдделі тараптарға және реттеушілерге әуе тасымалына қатысты саналы, экологиялық тұрақты және ғылыми негізделген таңдау жасауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта көміртекті авиациялық эмиссияны есептеудің көптеген тәуелсіз жүйелері нақты әуе кемелері мен әуе рейстері үшін эмиссия көлемін бағалаудың әртүрлі нәтижелерін береді», – деп атап өтті ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза. – Бұл негізінен әртүрлі мәліметтер жиынтығын қолдануға, тиісті әдістерді жеңілдетуге және ғылыми белгісіздікке байланысты. ИКАО-ның Google компаниясымен жаңа серіктестігі бүкіл әлемдегі жолаушылар мен жүк жөнелтушілер үшін әлдеқайда сенімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді».

ИКАО мен Google эмиссия көлемін бағалаудың өзіндік құралдарын ұсынады.

1154