Boeing корпорациясы 737 MAX ұшақтарын шығаруды азайтады
Салынған уақыты 12.04.2019 12:07
Американың Boeing корпорациясы 737 MAX ұшақтарын шығаруды бестен бірге дейін дерлік азайту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Rosbalt сайты хабарлайды.
The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, компания сәуір айының ортасына қарай осы ұшақтың сатылатын санын қысқартатынын мәлімдеген. Өндіріс сәуір айының ортасынан бастап айына 52-ден 42-ге дейін қысқартылады. Компания өндіріс көлемін қайта ұлғайтатын күнді көрсеткен жоқ. Сонымен қатар, Boeing қаржы салдарын азайту үшін жұмысшылар санын қысқартуды жоспарлап отырған жоқ.
Сондай-ақ жаңа ұшақтарды әзірлеумен айналысатын арнайы комитет жинауды жоспарлап отыр.
Соңғы жарты жылда Boeing 737 MAX ұшағымен екі әуе апаты болды. 2018 жылдың қазан айында Индонезияда Lion Air әуекомпаниясының лайнері апатқа ұшырап, 189 адам қаза тапты. 10 наурызда Ethiopian Airlians лайнері Эфиопия астанасынан ұшқаннан кейін бірнеше минут өткен соң апатқа ұшырап, бортта болған 157 адам бәрі қаза тапты.
Эфиопияда апатқа ұшырағаннан кейін көптеген елдер өз аумағының үстінен Boeing 737 MAX ұшуына тыйым салды, ал Boeing оларды клиенттерге жеткізуді тоқтатты. Boeing басшысы Деннис Меленберг қажетті шаралар қабылдап, 737 MAX сериялы ұшақтарды қауіпсіз етуге уәде берді.
1264