ruenkz

Нұр-Сұлтан - Токио рейсін субсидиялауға 1,4 млрд теңге қажет

Салынған уақыты 12.04.2019 11:49

Парламент Сенатының пленарлық мәжілісіне берілген анықтамалық материалдарда                      2019 жылы республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңгеден астам қаржыны Нұр-Сұлтан - Токио авиарейсін субсидиялауға жұмсау жоспарланып отыр делінген, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Бұл ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев растады.

Ол журналистерге 2019 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының тізіміне Нұр-Сұлтан - Токио авиарейсін субсидиялауды енгізуді: «Бұл сынақ тық маршрут болғандықтан оны бастапқы кезеңде, яғни бизнес-құрылымдар әлі ұшпаған, туристік бағыттар пысықталмаған кезде қолдау қажет. Бұл әлемдік тәжірибе», - деп түсіндірді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей рейс 2019 жылы ашылуы мүмкін.

Қазақстан мен Жапония авиакомпаниялары екі жақтан аптасына 14 тұрақты рейсті шектеусіз орындауға құқылы. Қазақстандық тасымалдаушыларға арналған межелі пункттер - Токио, Осака, Нагоя, ал жапондықтар үшін - Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты рейстерді орындау үшін қажетті құқықтық база 2016 жылы айқындалған.

 

1328