ruenkz

Франкфурт әуежайында бағдарламалық жасақтамаға байланысты 50-ден астам рейс тоқтатылды

Салынған уақыты 11.04.2019 08:46

Майндағы Франкфурт әуежайында Германияның авиадиспетчерлік қызметінде (DFS) туындаған бағдарламалық жасақтама проблемаларына байланысты 54 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Fraport әуежайының басқарушы компаниясының өкіліне сілтеме жасап, Frankfurter Neue Presse газеті хабарлайды.

Бұл ретте Lufthansa әуе компаниясы 50 рейс тоқтатылды деп хабарлады, ол 4 мыңнан астам жолаушыға кері әсерін тигізуі мүмкін. 25 наурызда DFS әуе қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында әуежайдың өткізу қабілеті 25% - ға қысқарғаны туралы мәлімдеді.

Бағдарламалық жасақтамада ақау 21 наурыз күні пайда болған. Проблема бақылау жолақтарын электрондық көрсету жүйесіндегі ақаудан пайда болған делінген.

355