ruenkz

Air Astana ұшақтарын техникалық қызмет көрсетуден өту үшін Ресейге жіберді

Салынған уақыты 10.04.2019 09:53

Ресейлік авиатехникаға техникалық қызмет көрсету қызметінің провайдері S7 Technics алғашқы ауыр нысанды жөндеуді қазақстандық жетекші авиатасымалдаушы Air Astana ұшақтарында орындады.

Қос компанияның ынтымақтастығы 2016 жылдың көктем айында бастау алды. Үш жыл өткеннен кейін S7 Technics компаниясын Air Astana авиакомпаниясы паркін техникалық тұрғыдан сүйемелдейтін серіктестің бірі деп айтуға әбден болады. Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық одан әрі жалғасын табуы мүмкін, себебі Air Astana өзінің өндірістік базасын дамыту үшін мықты серіктестікке мүдделі.

1168