ruenkz

Баку қаласында Мемлекетаралық авиация комитетінің аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 19-отырысы

Салынған уақыты 09.04.2019 14:23

2019 жылғы 3-5 сәуір аралығында "Қазаэронавигация" РМК делегациясы Баку қаласында (Әзірбайжан) Мемлекетаралық авиациялық комитеттің аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 19-шы отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы "Аэронавигациядағы инновациялық технологиялар және ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету" болып табылады.

Отырысқа аэронавигациялық және метеорологиялық қызметтердің, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-өндірістік орталықтар мен бірлестіктердің, сондай-ақ азаматтық авиация туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің оқу орындарының басшылары мен сарапшылары қатысты.

Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясы азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ӘҚҰ-ға инновациялық технологияларды енгізуі әуе кеңістігін барлық пайдаланушылардың мүддесінде әуе қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының жұмыс қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды, олар Мемлекетаралық авиация комитетінің ресми сайтында (mak-iac.org) жарияланады.

Кеңеске қатысушылар отырысты өткізудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мазмұнды және қызықты тұсаукесерлердің болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация авиациялық оқу орталығында болып, аэронавигацияның автоматтандырылған жүйесі мен метеорология саласындағы соңғы әзірлемелерімен танысты.

1305