ruenkz

AirBaltic 2025 жылға қарай жолаушылар айналымы мен түсетін пайданы үш есеге арттырмақшы

Салынған уақыты 05.04.2019 16:23

Латвиялық airBaltic гибридті әуетасымалдаушы, егер 30 тар фюзеляжды Airbus A220-300 ұшақтарына (бұрын Bombardier CSeries деген атпен белгілі болған) опционды өткізу мүмкін болса, 2025 жылға қарай жолаушылар саны мен түсетін пайда көлемін үш есеге арттыруды жоспарлап отыр. Сол уақытқа дейін авиакомпания жолаушылар айналымын 15 млн адамға дейін және түсетін пайданы 1,5 млрд еуроға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр деп хабарлады airBaltic бас директоры Мартин Гаусс Air Transport World басылымына.

Қазір airBaltic 50 A220-300-ге расталған тапсырысы және осындай 30 әуе кемесіне опционы бар. Гаусс опциондарды 2019 жылдың соңына қарай расталған тапсырысқа ауыстыруды көздеп отыр. Келісімшарт тұтас іске асырылған жағдайда Балтық маңы операторындағы A220 флоты 80 әуе кемесге жетпек. «Егер компания тек 50 машина алса, онда тасымалданған жолаушылар саны 8,8 млн, ал түсетін пайда 2025 жылға қарай 790 млн еуроға жетуге тиіс» деп атап өтті Балтық жағалауындағы ірі әуетасымалдаушы басшысы.

1298