ruenkz

Еуропалық World ATM Congress авиациялық оқу орталықтарымен әріптестік орнатудың жаңа мүмкіншіліктері

Салынған уақыты 03.04.2019 10:27

10-14 наурыз аралығында Мадрид қаласында (Испания) өтетін жыл сайынғы World ATM Congress әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі дүниежүзілік конгресінің және конгресс аясындағы көрменің шеңберінде «Қазаэронавигация» РМК делегациясы авиадиспетчерлерді кәсіби даярлау қызметтерін көрсететін басты еуропалық провайдерлер – ENAC (Франция) халықаралық азаматтық авиация ұлттық мектебінің және Entry Point North АВ (Швеция) басшылығымен екі жақты кездесулер өткізді.

ENAC-пен бұдан бұрын қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Entry Point North АВ авиациялық оқу орталығымен авиациялық персоналды кәсіби даярлау саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

441