ruenkz

ҚР әуе кеңістігінде сипаттамаларға негізделген навигацияны (PBN) енгізу мәселелері жөніндегі кеңес

Салынған уақыты 29.03.2019 15:53

18 наурыз күні ААК Аэронавигация басқармасының басшысы (PBN енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы) О.А. Авдеевтің төрағалығымен «Қазаэронавигация» РМК-да ҚР әуе кеңістігінде сипаттамаларға негізделген навигацияны (PBN) енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске «Қазаэронавигация» РМК басшылығы, «Air Astana», SCAT авиакомпанияларының және ҚР ҚМ Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері қатысты.

Кеңесте Қазақстан Республикасында, атап айтқанда, Астана және Алматы әуеайлақтарында, сондай-ақ ӘҚҚ бағыттарында PBN жобасын іске асыру, ауысу биіктігінен (эшелоннан) төмен QNH қысымын және фут/теңіз милін өлшеу бірліктерін пайдалану кезінде әуе қозғалысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ауысудың бірыңғай абсолюттік биіктігін 10 000 фут белгісінде орнату, ӘК пайдаланушыларының ұшуды PBN жағдайында орындауға дайындығы талқыланды.

Ұшу кезіндегі тексеру туралы есептерді талқылау нәтижелері бойынша кеңеске қатысушылар Астана және Алматы әуеайлақтарының ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру сызбаларын мақұлдады.

 «Қазаэронавигация» РМК-ға «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-мен бірлесіп, ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS) сигналдарының мониторингін жүзеге асыру мүмкіндігін және тозу жағдайлары (істен шығу, қызмет көрсетудегі кедергілер және т.б.) туралы хабарламаны зерттеу ұсынылды.

Кеңеске қатысушыларға ҚР әуе кеңістігінде PBN енгізуге байланысты 2019 жылғы 07 қарашада қолданысқа енгізілуге жоспарланған, НҚА-ға енгізілетін өзгерістері көрсетілген бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгені туралы ақпарат мәлімделді.

1200