Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы авиациялық қатынас
Салынған уақыты 29.03.2019 11:01
Қазақстан мен Тәжікстан авиакомпаниялары екі елдің арасындағы рейстердің санын арттыруға мүмкіндік алды.
Душанбеде мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Тәжікстанның авиациялық биліктері «Эйр Астана», «SCAT», «Tajik Air» және «Somon Air» авиакомпаниялары өкілдерінің қатысуымен екі жақты келіссөздер өткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Оған сәйкес екі елдің авиакомпаниялары елдер арасындағы рейстер санын аптасына 18-ден 32-ге дейін, атап айтқанда, Алматы-Душанбе бағыты бойынша аптасына 12 рейске дейін, Астана-Душанбе бағыты бойынша аптасына 6 рейске дейін, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз және Душанбе, Худжанд, Қорған-Төбе, Күләб қалалары арасындағы қалған бағыттар бойынша аптасына 14 рейске дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Осылайша, екі ел арасында арасында аптасына 32 рейс орындау үшін құқықтық база құрылды.
Сондай-ақ екі елдің тағайындалған авиакомпаниялары өзара және үшінші елдердің авиакомпаниялары арасында коммерциялық келісімдер (кодтарды бірлесіп пайдалану, креслолар блогын ұсыну және т.б.) жасауға мүмкіндік алды.
Қазақстан арқылы ұшатын транзиттік жолаушылар ағынын ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Тәжікстанның өңірлік әуежайлары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта қол жеткізілген уағдаластықтардың негізінде қазақстандық авиакомпаниялар 2019 жылғы көктемгі-жазғы навигациядан кейін Астана, Алматы және Душанбе қалалары арасындағы тұрақты рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр.
1264