ruenkz

2035 жылға қарай Қазақстанның әуе тасымалы нарығы екі есеге арта түспек

Салынған уақыты 28.03.2019 11:28

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қоғамның Қазақстан авиациясының мәселелеріне деген қызығушылығын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, сала кадрларын жаңарту және жастарды авиация кәсіптеріне тарту бойынша да істер атқарылуда.

Осы қызмет аясында комитет қызметкерлері авиация ардагерлері мен жұмыс істеп жүрген ұшқыштардың жастармен кездесуін ұйымдастырып тұрады. Азаматтық авиация саласы мамандықтарын дәріптеу мақсатында Астана қаласының № 81 және Қосшы кентінің № 1 мектептерінің оқушылары арасында ашық ақпараттық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ұшқыш, инженер және авиация диспетчері мамандығына үлкен қызығушылық танытты. Ұшқыштар, мемлекеттік авиациялық инспекторлар мектеп оқушыларымен әуе кемесін басқару тәжірибесімен бөлісті. Авиаторлардың әңгімелері оқушылардың қызығушылығын тудырып, кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды.

Авиация саласындағы халықаралық сарапшылардың болжамдық деректері бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанның авиатасымалдау нарығы тұрақты дамып, екі есеге өсетін болады, бұл қосымша кадрлар мен жас мамандарды тартуды талап етеді.

Азаматтық авиацияның отандық мамандарының кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында комитет осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыратын болады.

1409