ruenkz

ИКАО-ның Еуропа/Солтүстік Атлантика өңірлерінің азаматтық авиация ведомстволары бас директорларының кеңесі

Салынған уақыты 28.03.2019 11:18

2019 жылғы 19-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т.Т. Ластаев басқарған делегация құрамында «Қазаэронавигация» РМК өкілдері ИКАО-ның өңірлік кеңсесінде (Париж)  өткен  ИКАО Еуропа/Солтүстік Атлантика өңірлерінің азаматтық авиация ведомстволары бас директорларының кеңесіне қатысты.

Кеңесте 2017-2019 ағымдағы үш жылдық кезеңге арналған ИКАО EUR/NAT өңірлерінің операциялық жоспарлары бойынша шолу және есеп, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған операциялық жоспарлар шеңберіндегі өңірлік бюроның негізгі міндеттері мен мақсаттары, ұшу қауіпсіздігі және аэронавигациялық қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау, авиациялық қауіпсіздік, нысаншылдықты жеңілдету, «Бірде-бір ел назардан тыс қалмайды» техникалық жәрдемдесу бағдарламасы және т. б. мәселелер қаралды.

Бұл кеңес Еуропа/Солтүстік Атлантика өңірлерінің мемлекеттеріне ИКАО Ассамблеясының алдағы сессиясына даярлық барысында көмек болады.

1331