2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
ruenkz

"Эйр Астана" Токиоға ұшатын болады

Салынған уақыты 27.03.2019 17:09

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті «Air Astana» авиакомпаниясын Нұр-Сұлтан – Токио - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тасымалдаушы етіп тағайындады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 «Air Astana» авиакомпаниясы 2019 жылдың екінші жартыжылдығында Боинг 767 әуе кемесімен Токиоға аптасына екі рейс жиілікпен орындалатын тікелей әуе қатынасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Тасымалдаушыны тағайындау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүргізілді.

2016 жылғы қарашада Жапониямен тікелей әуе қатынасын ашу бойынша құқықтық база құрылды, оған сәйкес екі елдің авиакомпанияларына әрбір тарап үшін қос мемлекеттің арасында аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі туып отыр.

2012