Boeing әлемдегі ең ұзын лайнерді таныстырды
Салынған уақыты 19.03.2019 17:03
Boeing әлемдегі ең ұзын жолаушылар ұшағы – Boeing 777X кеңфюзеляжды лайнерінің тұсаукесерін өткізді. Бұл туралы тұсаукесерге қатысушылар саны шектеулі болғанын атап көрсете отырып, CNN телекомпаниясы хабарлады.
Жаңа лайнердің ұзындығы – 77 метр, қанаттарының құлашы – 72 метр. Бұл ретте компания азаматтық авиацияда алғаш рет қанаттарын жинайтын технологияны қолданды, бұл бұрын тек әскери авиатехникада, әдетте, авиатасымалдағыштарда қолдануға арналған ұшақтар үшін пайдаланылған.
Сондай-ақ, Boeing 777X екі қозғалтқышы бар әлемдегі ең ірі жолаушылар ұшағы болмақ. Бұл ретте базалық нұсқаның ұшу қашықтығы 14 мың километрден аз ғана асады.
Сондай-ақ, компанияда «отын шығыны мен пайдалану шығындары бәсекелестердің үлгілеріне қарағанда 10-12% төмен болатынын» атап көрсетті. Жаңа лайнердің алғашқы ұшуы таяу айларда жүзеге асады, ал тапсырыс берушілерге 2020 жылы жеткізіледі деп күтілуде.
1249