ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында сенбілік өткізілді

Салынған уақыты 20.03.2019 10:18

Наурыз мейрамы – көктем және жаңару мерекесі қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында сенбілік өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын жауын-шашын көп түседі, бұл қыс өзгеше болған жоқ. Көктем кезінде қар еріп, су басу қаупі бар, ғимараттың іргетасын су басуы мүмкін. Осыған байланысты Петропавл филиалының барлық ұжымы аумақты қардан тазалауға шықты, онда сенбілікке филиал басшылығы да белсене қатысты. Бірлескен күш-жігермен және қолда бар арнайы техниканы пайдалана отырып, барлық жолдар мен аумақты ғимараттардың айналасындағы қардан тазартты.

Осы іс-шараның арқасында инфрақұрылым мен құрылыстарды су басудан құтылуға болады. Енді көктемгі мейрамды Петропавл филиалы таза әрі жайлы қарсы алады.

Қорытындылай келе, мұндай іс-шаралар тек сыртқы көріністі жақсартып қана қоймай, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарға да жақсы әсер етеді деп айтқым келеді.

487