ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қос полярлы метеорологиялық радиолокаторлар орнату жұмыстарын жүргізуде

Салынған уақыты 18.03.2019 11:47

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігі арасындағы 2018 жылғы 29 қаңтардағы Бірыңғай метеорологиялық радиолокациялық желіні құру жөніндегі келісімнің талаптары бойынша «Қазаэронавигация» РМК қос полярлы 15 доплерлік метеорологиялық радиолокатор (ДМРЛ), ал «Казгидромет» РМК 10 ДМРЛ орнатуға тиіс.

Бүгінгі күні ДМРЛ «Қазаэронавигация» РМК-ның 9 филиалында пайдаланылуда, оның ішінде 4 ДМРЛ 2018 жылы пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта «Қазаэронавигация» РМК-ның инвестициялық жоспарына сәйкес Өскемен, Арал, Қарағанды және Көкшетау қалаларында  4 объект бойынша ДМРЛ орнату жұмыстары жүргізілуде.

451