ruenkz

Air Astana екінші Embraer E190-E2 ұшағын алды

Салынған уақыты 18.03.2019 10:05

Жетекші қазақстандық әуе компаниясы — Air Astana ТМД-дағы алғашқы Embraer E190-E2 (ERJ190-300) ұшағын алғаннан кейін үш ай өткен соң осы үлгідегі екінші ӘК (сериялық нөмірі 19020013) пайдалануға дайындалуда. Тіркеу нөмірі P4-KHB 108-орынды машина Алматыға ұшып келді.

Жыл соңына дейін Air Astana үшінші және төртінші E190-E2 алады. Бесінші ұшақ AerCap лизинг берушімен келісімшарт шеңберінде тасымалдаушыға 2020 жылы беріледі.

Әуе компаниясы жаңа үлгідегі әуе кемесінің алғашқы жолаушылар рейсі 19 желтоқсанда орындалды.

1375