«Боингке» 300-ден астам ұшақты пайдаланудан алып тастауға тура келеді
Салынған уақыты 15.03.2019 08:59
Бүкіл әлем бойынша авиакомпаниялар Boeing 737 Max лайнерінде ұшудан бас тартуда, ал мемлекеттер осы ұшақ үлгісі үшін өздерінің әуе кеңістігін жабуда. Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Индонезия, Қытай және басқа да бірқатар мемлекеттер оған ұшуға тыйым салды.
Үш жүзден астам ұшақты уақытша пайдаланудан алып тастау Boeing корпорациясы үшін оңай шаруа емес. Зерттеу фирмаларының бағалауы бойынша, концерннің шығындары $5 миллиардқа дейін жетуі мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, концерннің қаржысы оған қиын кезеңді бастан өткеруге мүмкіндік береді. Компанияның өткен жылғы түсімі 101 миллиард долларды, ал табысы 10-нан астам миллиард долларды құрады.
1199