Airbus A380 екі қабатты ұшақтарының дәуірі аяқталды
Салынған уақыты 05.03.2019 13:49
Airbus A380 – азаматтық авиация тарихындағы ең ірі жолаушылар ұшағы. Жолаушыларды әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіретін екі қабатты молшылық пен жайлылықтың көрінісі - 2021 жылы конвейерден кетеді.
2019 жылғы 14 ақпанда концерн өзінің ең үлкен ұшағы - Airbus A380 шығаруды тоқтататынын жариялады. Бұл осы алып көлікке деген сұраныстың төмендеуінен болып отыр. Қазіргі уақытта 230 дана ұшақ шығарылған және оларды 15 авиакомпания пайдаланып жүр. Бір ұшақтың құны шамамен 500 миллион еуро тұрады.
Airbus A380 бір сыныптық жиынтықта 850 жолаушыны сыйғызған кезде 15 400 км-ге дейінгі қашықтыққа қонбай ұша алады. Оның тікелей бәсекелесі Boeing 747 ұшағына ең көп дегенде 620 жолаушы сыяды.
1414