«Әулие-Ата» әуежайының жаңа мүмкіндіктері
Салынған уақыты 28.02.2019 15:11
«Әулие-Ата» әуежайының жаңа мүмкіндіктері
Елімізде авиация саласы қарқынды дамып келеді. Ірі әуе көлік тораптарының желісі кеңейіп, олардың өткізу қабілеті артып келеді. 2018 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 7,9 млн. жолаушы тасымалдап, 14 жаңа бағыт ашты.
Осы жылдың 15 ақпанынан бастап «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы» АҚ «Қазаэронавигация» РМК Жамбыл филиалымен бірлесіп, 24/7 пішіміндегі тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті.
Тәулік бойы режиміне көшудің, негізгі әуе магистральдарындағы тиімді географиялық жағдайдың және әуеайлақ кешенінің техникалық мүмкіндіктерінің арқасында әуежай енді Алматы, Ташкент, Бішкек және Шымкент әуежайларына балама ретінде қосалқы әуеайлақ ретінде рейстерге қызмет көрсетуге дайын.
«FlyArystan» АК рейстерінің орындала бастауы Қазақстан бойынша ішкі және аймақтық бағыттарда төмен тарифтерді пайдалана алатын ішкі туристер үшін қолайлы болмақ. Соның ішінде көне Тараз қаласына 2019 жылдың 1 мамырынан бастап күн сайын Алматыдан рейстер орындалатын болады.
Сондай-ақ, әуежай техникалық қонумен Тәжікстан және Өзбекстан республикаларынан Ресей Федерациясының қалаларына рейстерді орындайтын «S7 Сибирь», «Somon air», «Tajik air» және «Уральские авиалинии» авиакомпанияларының әуе кемелеріне қызмет көрсетеді.
Тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшу қосымша рейстерді тартуға және жұмыс көлемін арттыруға, аймақ тұрғындарының әуе көлігін пайдалануға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, бұл қаланың имиджіне оң әсерін тигізеді.
1658