Шымкент филиалында ILS қондыру жүйесі жабдығын кезең-кезеңмен ұшу , кезінде тексеру табысты жүргізілді
Салынған уақыты 27.02.2019 16:18
Шымкент филиалында ILS қондыру жүйесі жабдығын кезең-кезеңмен ұшу ,
кезінде тексеру табысты жүргізілді
Шымкент филиалында 23-25 ақпан аралығында 281° және 101° магниттік қондыру курсы бар ILS СП-90 жабдығын ұшу кезінде тексеру жүргізілді.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру ҰРТҚ құралдарының техникалық сипаттамаларын нормативтік-пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестендіруді растау мақсатында жүргізіледі.
ILS жабдығын ұшу кезінде тексеру ҰРТҚ жерүсті құралдарының параметрлері мен сипаттамаларын бақылайтын арнайы жабдық орналасқан зертхана – әуе кемелерін (бұдан әрі – ЗӘК) қолдана отырып жүргізіледі. Барлық параметрлерді ұшу зертханасының борт инженер-сынаушысы құжаттайды және тексерілетін құралдың параметрлері мен сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді.
Ұшу кезінде тексеруді жүргізу барысында филиалдың РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналы ЗӘК экипажымен тығыз жұмыс істейді. Ұшу кезінде тексеруді «Aeroprakt.kz» ЖШС-ға тиесілі ЗӘК өткізді.
РТЖБП қызметі РЛ және РН кешенінің І санатты инженері А.С. Перекеев, І санатты технигі И.М. Гадиев, ІІ санатты технигі А.А. Чижовтың және «Aeroprakt.kz» ЖШС экипажы – ЗӘК командирі В. Ягленко мен инспектор
Б. Жайлыбаевтардың үйлесімді жұмысының арқасында СП-90 қондыру жүйесін, РМД-90НП алыстан келтіру радиомаягын және РММ-90 маркерлік радиомаягын ұшу кезінде тексеру сапалы түрде және қысқа мерзімде жүргізілді, ол ұшу кезінде тексеру аралығында жабдықты жұмыстан шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Ұшу кезінде тексеру жұмыстары аяқталғаннан соң Шымкент филиалының ILS жабдығының нормативтік-техникалық құжаттамаға, ҰРТҚ қағидаларына және авиациялық электр байланысына сәйкестігін растайтын Ұшу кезінде тексеру актісі жасалды.
Келесі ұшу кезінде тексеру аталған Қағиданың талаптарына сәйкес 360 күннен соң жүргізіледі.
1488