ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Даму жоспарының Павлодар филиалында іске асырылуы

Салынған уақыты 25.02.2019 09:23

«Қазаэронавигация» РМК Даму жоспарының

Павлодар филиалында  іске асырылуы

«Қазаэронавигация» РМК-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру шеңберінде Павлодар филиалында РТЖБП қызметінің және метеорологиялық қызметтің мамандары «URBAN Engineering» ЖШС мамандарымен бірлесіп, қолданыстағы талшықты-оптикалық сақинаны және метеорологиялық датчиктердің резервтік жиынтығын қайта жаңарта отырып, ILS ҰҚЖ-21 қондыру жүйесінің жабдығын орнату орындарының құрылысы бойынша жобаларды дайындау жұмыстарын жүргізуде.

«Сақина» үлгісіндегі топологияны пайдаланумен жобаланатын ТОБЖ деректерді тарату тораптарының (соңғысы біріншімен біріктірілген) дәйекті қосылуын білдіреді, бұл қандай да бір белгілі бір учаскеде тораптардың бірі істен шыққан немесе кабель бүлінген жағдайда да  тұтас желінің сенімділігін арттырып, істен шықпауын қамтамасыз етеді. Оптикалық талшық электр өткізгіш болмағандықтан, найзағай разрядынан туындаған артық кернеуден жабдықтың зақымдану мүмкіндігі жойылады.

Метеорологиялық жабдық әуе кемелерінің ұшып көтерілу және қонуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті метеорологиялық шамаларды өлшеуге арналған, сондықтан метеорологиялық датчиктердің резервтік жиынтығын орнату метеорологиялық бақылаулардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1316