ruenkz

Демалыс – бұл тыныштық емес, әсер алу

Салынған уақыты 21.02.2019 08:59

Демалыс – бұл тыныштық емес, әсер алу.

Өткен демалыста «Қазаэронавиция» РМК Қостанай филиалының ұжымы табиғатқа шығып демалуды ұйымдастырды.

Қала сыртындағы демалыс филиалдың дәстүрі болып табылады, сондықтан осы жылы да сол дәстүр жалғастырылды. Бізді Қарағайлы ормандағы демалыс базасы қуана қарсы алды.

Әрине, бірінші кезекте мұндай ұжымдық іс-шаралар күнделікті тіршіліктен алаңсыз демалуға тамаша мүмкіндік, ал жұмыс ұжымымен бірге демалу - бұл жаңа биіктерге қол жеткізу және корпоративтік рухты күшейту үшін команданы біріктіруге тамаша мүмкіндік.

«Қазаэронавигация» РМК ұжымы белсенді демалысты ұнататын мамандардан құралған. Сондықтан қызметкерлер үшін коньки, шаңғымен сырғанау, қысқы орманда серуендеу сияқты уақыт өткізудің әртүрлі тәсілдері ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барлығы көтеріңкі көңіл-күймен өтті.

922