Қытайда ұшқышсыз басқарылатын жүк таситын ұшақтар шығарыла бастады
Салынған уақыты 21.02.2019 08:43
Қытайда ұшқышсыз басқарылатын жүк таситын ұшақтар шығарыла бастады
Қытайлық Star UAV System компаниясы PAC P-750 XSTOL ұшқышсыз басқарылатын көп мақсатты ұшағын сериямен шығаруды және алғашқы жеткізуді бастады.
Ұшқышсыз басқарылатын AT200 ұшағы массасы 3,4 тонна болатын жаңа зеландиялық үлгі негізінде жасалған, салмағы 1,5 тоннаға дейінгі жүкті тасымалдауға қабілетті. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жылдамдықты сағатына 313 км дейін ұлғайтып, 2,2 мың км дейінгі қашықтыққа ұша алады.
AT200 ұшу биіктігі 6,1 мың м. құрайды.
Әзірлеушілердің айтуынша қытайлық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың ұшып көтерілуі және қонуы үшін ұзындығы 200 м болатын жолақ қажет. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ автоматты режимде ұшып, қона алады және сериямен шығарылатын алғашқы жүк көтергіштігі 1 тоннадан асатын ұшқышсыз ұшу аппараты болып табылады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай аппараттарды пайдалану Қытайдың жетуге қиын аудандарында тұратын адамдарды азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету міндетін жеңілдетуге және сонымен бірге жеткізу шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
1488