ruenkz

МЖТҚК мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары

Салынған уақыты 20.02.2019 14:05

МЖТҚК мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары

Әуеайлақтарда әуе кемелерінің ұшуы мен қонуын метеоқамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологиясы метеобақылау нәтижелерін автоматтандырылған түрде өңдеуге негізделген. Шымкент әуеайлағында метеорологиялық бақылау әуеайлақтағы атмосфераның негізгі параметрлері туралы метеоақпаратты өлшеуге және жинауға, осы ақпаратты өңдеуге, метеорологиялық хабарламаларды қалыптастыруға, ақпаратты арналар бойынша көрсетуге, тіркеуге және таратуға арналған КРАМС-4 кешенді радиотехникалық автоматтандырылған метеорологиялық станциясының көмегімен қашықтықтан жүргізіледі.

Әр түрлі жиынтықтағы «КРАМС-4» станциясы мынадай елдердің 114 әуеайлағында, тікұшақ айлақтарында және тікұшақ алаңдарында орнатылған: Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина. Оның ішінде – ИКАО I-III санатындағы 49 халықаралық әуежайда.

Шымкент филиалының метеорологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету кешенінің 1-санатты инженері Заур Абаевич Байденов «Крамс-4» кешенді радиотехникалық әуеайлақ метеорологиялық станциясын пайдалану бағдарламасы бойынша Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

1376