ruenkz

ICAO - Авиация саласында жасанды интеллект енгізу Авиацияға жасанды интеллект не үшін қажет?

Салынған уақыты 19.02.2019 09:01

ICAO - Авиация саласында жасанды интеллект енгізу

Авиацияға жасанды интеллект не үшін қажет?

Технологиялар дамыған сайын жасанды интеллекттің де болашақта атқаратын рөлі арта бермек. Ол кейбір салада ғана болса да,  өмірімізде кездесе бермек. Мәселен, жасанды интеллект біршама салада, оның ішінде авиация саласында ұшуды басқару жүйелерін (FMS) немесе автопилотты пайдалана отырып, күнделікті ұшу операцияларын автоматтандырудың бастапқы сатысын сәтті енгізу арқылы көрініс тапқан.

Әуе кеңістігі мен әуеайлақтардың өткізу қабілетінің шектеулігіне байланысты авиация саласы әуе қозғалысының өспелі қажеттіліктерін қанағаттандыру проблемасына тап болды. Пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттары, коммерциялық ғарыштық ұшулар және болашақтың жеке ұшу аппараттары сияқты ұшудың жаңа түрлерінің пайда болуы проблеманы одан әрі ушықтыра түсті.

Қауіпсіздік осы саланың басты ерекшеліктерінің бірі. Саланың қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару стандарттарының жоғары деңгейін талап ететінін ескерсек, авиация көліктің ең қауіпсіз түрі болып табылады.

Бұл орайда, жасанды интеллекттің қауіпсіз жұмыс істейтінін, қолданыстағы жүйемен үйлесімді екенін,  адамға бағытталған жүйені қолдайтынын және жаһандық деңгейде келісілген бірқалыпты және тұрақты көшу арқылы қолданылатынын дәлелдеу қажет болды. Жақсы басқарылатын жасанды интеллектке қол жеткізудің бірден бір тәсілі – машина ықтимал «қарсылас» емес, адамдарды қолдайтын «көмекші» болатын адам-машина үйлесімді  ортасын құру.

Автоматтандырудың бастапқы сатысы қарапайым және қайталанатын міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жасанды интеллект адамдардың мінез-құлқын зерделеп, имитациялай отырып, қосымша мүмкіндіктер береді деп күтілуде.  Бізге көптеген қиындықтарды жеңу керек. Біз жасанды интеллекттің не істей алатынын және салаға қалай әсер ететінін әлі де дұрыс түсінбейміз. «Барлығы үшін жасанды интеллектті позитивті пайдалану» жаңа тақырып. Жасанды интеллект адамдардың өмірін жақсартуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге көмектеседі.

1508