ruenkz

Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл

Салынған уақыты 18.02.2019 08:58

2019 ж. 15 ақпан күні «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Жиында Ауған соғысының ардагері Аманжол Қабдолұлы Есақалиев Ауған оқиғасының тарихын баяндап Тәуілсіздік жолында күрескен итернационалист-жауынгерлерді еске алды. Сол жауынгердердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу керектігін айтты.  

А. Қ. Есқалиев «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында РТЖБП қызметі ҰРТҚ кешенінің 1-санатты инженері лауазымында еңбек атқарады.

А. Қ. Есқалиев майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін көптеген мемлекеттік төсбелгілерімен наградталған.

Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай «Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен наградталды.

Іс-шара барысында филиал ұжымы интернационалист-жауынгер  А. Қ. Есқалиевты атаулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

862