ruenkz

DFS Unifly NV-ге инвестиция құяды

Салынған уақыты 18.02.2019 08:54

DFS Unifly NV-ге инвестиция құяды

DFS өзінің DFS International Business Services GmbH (DFS IBS) еншілес компаниясы арқылы бельгиялық бағдарламалық қамтымды әзірлейтін Unifly NV компаниясының 23,3% акциясын сатып алды. Бұл инвестициялар 2019 жылы пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелер үшін әуе қозғалысын басқарудың бірінші еуропалық операциялық жүйесін бірлесіп әзірлеу және енгізудің негізін қалыптастырады. Осылайша, DFS пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарының қазіргі заманғы технологияларын іске асырудағы өзінің жетекші рөлін кеңейтеді.

«Осы сатып алудың арқасында біз бағдарламалық қамтымды әзірлеу саласындағы құзыреттілікті айтарлықтай кеңейттік. Бұл DFS цифрлық болашағы үшін, атап айтқанда, пилотсыз басқарылатын авиацияда табысты қолданудың стратегиялық факторы», - деді DFS Deutsche Flugsicherung бас директоры Клаус Дитер Шерле.

Бұл сатып алу DFS-ке пилот басқаратын және пилотсыз басқарылатын авиацияны біріктіру бойынша өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. 2018 жылғы жетістіктер әсерлі болды. Маусым айында Франкфуртта халықаралық әуежайда дрондардың алғашқы бақыланатын ұшуы өткізілді. Fraport, DFS бірлесе отырып, 3-терминалдың құрылыс алаңындағы прогрес мониторингісіне арналған пилотсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді ойдағыдай сынақтан өткізді.

Сонымен қатар, дрондарды бақылау түрлі сынақтарда оңтайландырылды. Заң бойынша қажетті болып табылатын, газ құбырлары сияқты инфрақұрылымның әртүрлі желілері бойымен орындалатын ұшулар енді тікұшақтар емес, пилотсыз басқарылатын ұшақтармен орындалуы мүмкін, бұл DFS өте жақын арада пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарының технологияларын  іс жүзінде қолдануды бастайды дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, DFS өз жүйелерін тексеру үшін пилотсыз басқарылатын  ұшақтарды да тексерді. Ганновер әуежайында пилотсыз басқарылатын  ұшақты компания өзінің қону жүйесін калибрлеу үшін пайдаланды. Мұндай калибрлеу заң бойынша талап етіледі және аэронавигациялық қызмет көрсету құралдарының дәлдігі мен қолжетімділігін тұрақты тексеру үшін пайдаланылады.

«Unifly сатып алу арқылы біз соңғы бірнеше жылда өзімізге ұстанған бағдарды жалғастырамыз», - деді Клаус-Дитер Шерль. «Біз еуропалық нарықтың цифрлық алаңында айқын көшбасшы болғымыз келеді. Қазір біз мақсатымызға – үйлесімді және ең алдымен, пилот басқаратын және пилотсыз басқарылатын авиацияның қауіпсіз бірігуіне бір адым жақын тұрмыз.

1251