ruenkz

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғаныс саласында дайындық курстары өткізілді

Салынған уақыты 15.02.2019 10:09

Ақтөбе қаласында ақпанның 6 мен 8 аралығында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғаныс саласында дайындық курстары өткізілді. «Қазаэронавигация» РМК «БҚ ӘҚҰ ӨО» филиалының атынан Метеорологиялық қызметтің метеорологиялық қамтамасыз ету кешенінің жетекші инженері қатысты.

Осы курстардың негізгі міндеті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, ұйымдар мен азаматтық қорғанысты енгізуге, төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Курс соңында "Азаматтық қорғаныс саласында даярлаудан (қайта даярлаудан) өткендігі туралы" сертификат берілді.

798