ruenkz

CAAS пен DFS Aviation Services әуе қозғалысын басқару саласындағы бірлескен ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Салынған уақыты 15.02.2019 09:48

CAAS пен DFS Aviation Services әуе қозғалысын басқару саласындағы бірлескен ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 

 
Сингапур азаматтық авиация басқармасы (CAAS) және DFS Aviation Services, DFS Deutsche Flugsicherung неміс аэронавигациялық қызмет көрсетуші компаниясының  коммерциялық еншілес кәсіпорны Әуе қозғалысын басқару саласындағы бірлескен ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Өзара түсіністік туралы меморандумға CAAS бас директорының орынбасары Soh Poh Then мырза, сондай-ақ DFS Aviation Services басқарушы директорлары Оливер Кристинетти мырза мен Дирк Махнс мырза қол қойды.
Сингапур Азиядағы орталық торап болып табылады. Германияның әуе кеңістігі Еуропадағы ең көп жүктелген және күрделі әуе кеңістіктерінің бірі болып табылады. Ынтымақтастық CAAS және DFS Aviation Services ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін, тиімділіктің бақылау көрсеткіштерін қосымша оңтайландыруға, сондай-ақ болашақ тұжырымдамаларды, шешімдерді және әуе қозғалысын басқару технологияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

1593