ruenkz

Аспандағы қостілділік – «Қазаэронавигация» РМК шешімі

Салынған уақыты 12.02.2019 09:35

Аспандағы қостілділік – «Қазаэронавигация» РМК шешімі

            Күн сайын әлем бойынша 100 000 коммерциялық рейстер ұшып-қонады, пилоттар мен авиадиспетчерлер арасында миллиондаған іс-қимыл жасалады. Кейбір диалогтар шет тілінде жүргізіледі. Осы тілдесу қаншалықты тиімді? Осы жағдайды жақсартуға бола ма? Пилоттар мен диспетчерлер ағылшын тілін үнемі тиісті деңгейде қолдай ала ма, олар өз ана тіліне жиі ауыса ма? ICAO осы сұрақтарды барлық елдерге қояды.

            Ұшулар - бұл саяхаттаудың ең қауіпсіз тәсілдерінің бірі, сондықтан ӘҚҚ диспетчерлерінің ағылшын тілінде еркін сөйлесу қабілеті ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. «Қазаэронвигация» РМК бұл мәселені бірнеше сатыда түбегейлі шешті. Біріншіден, біраз жылдар бойы ӘҚҚ қызметінің авиациялық персоналы Кәсіби дайындау орталығының (КДО), сондай-ақ шетелдік Авиациялық оқу орталықтарының (АОО)  базасында кәсіби деңгейді қолдау шеңберінде арнайы курстарда жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру (фразеологиялық радио алмасу) деңгейін көтеріп келді.

            Екіншіден, ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау курстары бойынша оқыту үшін үміткерлер таңдауда ағылшын тілін білу бойынша бастапқы талап күшейтілді.

         Үшіншіден, Кәсіби дайындау орталығындағы, сондай-ақ шетелдік Авиациялық оқу орталықтарындағы барлық бастапқы курсты тыңдаушылар тағылымдамадан өткенге дейін ICAO шкаласы бойынша авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін жұмыс деңгейінен (4) төмен емес деңгейде растауға тиіс. Соңғы үш жыл ішінде жүргізілген іс-шаралардың арқасында бастапқы даярлау курстарын бітірушілердің ICAO 5 деңгейін растау пайызы артып отыр. Осы ретте 2016 жылы ӘҚҚ диспетчерлерінің бастапқы даярлау курсын бітірушілердің 8,7 пайызы ICAO 5 бойынша авиациялық ағылшын тілін білуді растады, 2017 жылы бұл көрсеткіш 17,4%, ал 2018 жылы 19% артты.

1403