Тұмау мен ЖРВИ-ның алдын алудың негізгі әдістері туралы шағын лекция
Салынған уақыты 07.02.2019 09:05
Тұмау мен ЖРВИ-ның алдын алудың
негізгі әдістері туралы шағын лекция
«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында 2019 жылдың қаңтар айының соңында «Суық тиюден болатын аурулардың алдын алу» туралы семинар-мәжіліс өтті. Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы тұмау мен ЖРВИ-ның алдын алудың негізгі әдістері мен елімізде тұтанған қызылша эпидемиясы туралы шағын лекция өткізді. Мамандардың болжамы бойынша салқын тиіп аурудың әдеттегідей өрши түсуін қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында күту керек екен. Тұмау мен қызылшамен күресудің ғылыми негізделген әдісі – вакцина егу арқылы аурудың алдын алу болып табылады. Лекция соңында «Тұмау мен ЖРВИ-ның алдын алу» тақырыбындағы кітапшалар үлестірілді.
1682