ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында ағылшын тілін қолдана отырып, ӘҚҚ диспетчерлерін персоналды даярлаудың біліктілік жүйесі бойынша бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқыту сәтті аяқталды

Салынған уақыты 29.01.2019 09:15

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында ағылшын тілін қолдана отырып, ӘҚҚ диспетчерлерін персоналды даярлаудың біліктілік жүйесі бойынша бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқыту сәтті аяқталды

 

2017 жылғы 15 қараша мен 2019 жылғы 25 қаңтар аралығында «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында ИКАО-ның авиациялық мамандарды даярлау саласындағы халықаралық стандарттарына сәйкес жаңадан әзірленген «ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша 10 адамнан тұратын жиырмасыншы тыңдаушылар тобы оқытылды.

Бағдарлама авиациялық персоналды даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесіне негізделген, жүйелі тәсілді пайдаланады және мамандарға қойылатын белгілі біліктілік талаптарына негізделеді.

Оқытуды Кәсіби дайындау орталығының нұсқаушылары, сондай-ақ ӘҚҚ, РТЖБП және кәсіпорынның метеорологиялық қамтамасыз ету қызметтерінің өндірістік мамандары орыс және ағылшын тілдерінде өткізді. Ағылшын тілінде оқыту да даярлау бағдарламасына алғаш рет енгізілді, бұл - кәсіпорын басшылығы КҚО алдына қойған міндеттердің бірі. ӘҚҚ мамандарын ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін біртіндеп енгізу тыңдаушыларға олардың кәсіби қызметіне қажетті ағылшын тілінің деңгейін меңгеру бойынша талаптарға сәйкес болуына, ал Орталыққа ағылшын тілді жаңа тыңдаушыларды әрі қарай тарта беруге мүмкіндік береді.

Курс барысында тыңдаушылар Базалық даярлық бойынша 12 модульді және біліктілік белгілері бойынша 12 модульді меңгерді, оқыту әр түрлі оқу іс-шараларын – дәрістерді, компьютерлік бағдарламаларды пайдаланатын оқу практикаларын, ӘК бортындағы ұшу тәжірибесін қолдана отырып, өткізілді. Осы бағдарламадағы оқытудың негізгі әдісі мамандардың негізгі өндірістік функциялары мен міндеттерін орындауды пысықтауға бағытталған жаттығу құрылғысындағы дайындық болып табылады.

Бағдарламаның іске асырылу барысы оның белгіленген талаптарға, оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкестігін қамтамасыз ету және бағдарламаның анықталған кемшіліктеріне уақытылы әрекет қолдану үшін Орталық мамандары тарапынан үнемі мониторингтен өтіп отырды. Мониторинг нәтижелері бойынша бағдарлама сынақтан сәтті өтіп, оны ҚР Азаматтық авиация комитеті бекітті.

Барлық тыңдаушылар оқу бағдарламасын табысты игеріп, курс бойынша ең жоғары қорытынды бағаға қол жеткізді, бұл оларға өз бетінше жұмыс істеуге және жұмысты қауіпсіз орындауға мүмкіндік береді.

2019-2021 жылдары бастапқы даярлықтан өтетін тыңдаушылардың тағы                            5 тобын оқыту, сондай-ақ кезең-кезеңмен ӘҚҚ мен РТЖБП персоналын даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесіне көшу жоспарлануда, бұл даярлықтың бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіби деңгейді қолдау сияқты барлық кезеңдерінің толығымен біліктілік тәсілге негізделе отырып іске асырылатынын білдіреді. 

Даярлаудағы бұл жүйелі тәсіл Орталыққа оқыту кезіндегі олқылықтарды анықтауға және оларды жоюға арналған даярлық оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай – ақ  білім алушыларға жеке тәсілді, яғни  әрбір білім алушы үшін қойылатын нақты біліктілік талаптарын қолдануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын үшін персоналды даярлаудың біліктілік жүйесі пайдаланушы санаттағы персонал жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуге және жұмысты орындау үшін қандай біліктіліктің талап етілетінін нақты айқындай отырып, персоналды жалдаудың және іріктеудің тиімді құралдарын әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді.

1418