"China Southern Airlines" Бейжің қаласының жаңа әуежайынан Қазақстанға рейстерді іске қосады
Салынған уақыты 26.12.2023 14:07
Ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында енгізілген визасыз режимді ескере отырып, 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап "China Southern Airlines" әуекомпаниясы Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. "China Southern Airlines" Қытайдың ең ірі әуе компанияларының үштігіне кіреді, флот көлемі бойынша Азияның ең ірі әуе тасымалдаушысы және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша әлемде 6-шы болып табылады. Әуе компаниясының 650-ден астам әуе кемесі бар (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919) және Қытайдағы және бүкіл әлемдегі 230-дан астам қалаларға ұшады. Рейстер жаңа "Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан" аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады. "Бейжің Дасин халықаралық әуежайы" – Қытай астанасы Бейжіңнің Дасин ауданында орналасқан әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі. Бейжің қаласының орталығы 46 км қашықтықта орналасқан. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде ашылды. Әуежайда 4 ұшу-қону жолағы бар. 2022 жылы әуежайдың өткізу қабілеті жылына 45 млн. жолаушыны құрады. 2025 жылға дейін өткізу қабілетін 72 миллион жолаушыға дейін, ал перспективада жылына 100 млн. жолаушыға дейін арттыру жоспарлануда.
1221