Атырау филиалында ұшу басшысы 60 жасқа толды!
Салынған уақыты 25.12.2023 14:25
Ол табиғатынан флегматик, оның осы сабырлы, сонымен қатар мықты мінезі стресті, күрделі және жауапты авиадиспетчер мамандығында кәдесіне жарады. Біздің аса құрметті әріптесіміз, «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ұшу басшысы Руслан Қалимұлы Алиев 60 жасқа толды. Ол өзінің еңбек жолын сонау 1984 жылы АА Рига ұшу-техникалық училищесін бітіргеннен кейін Гуръев авиаотрядында бастады. Ол қиын, лайықты еңбек жолынан өтті, әр жылдары түрлі диспетчерлік пункттерде диспетчер қызметін атқарды, ал 2007 жылдан бері қазіргі лауазымын атқарып келеді. Бірге жұмыс жасаған барлық кезеңдерде біз оның жоғары кәсібилігін, біліктілігін, өзінің бар күш-жігерін жұмысқа сала білгенін және жас мамандарға тамаша тәрбиеші болғанын атап өткіміз келеді. Руслан Қалимұлы өзінің ұзақ жылғы аянбай еңбек еткен жылдары бірнеше рет түрлі марапаттармен және сыйақылармен марапатталды.
Сөз соңында, біз Руслан Қалимұлымен бірге жұмыс жасау – нағыз ғанибет екенін баса айтқымыз келеді. Біз оның жұмысқа қосқан үлесі мен адалдығын бағалаймыз және келешекте де бірге жемісті еңбек ететінімізге сенеміз. Сізге және жақындарыңызға бақыт пен аман-саулық тілейміз!
937