ruenkz

Жаңа жыл қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалының қызметкерлері «Саумалкөл балалар үйіне» барды

Салынған уақыты 20.12.2023 09:53

Жаңа жыл – сиқыр, жақсы ертегідегідей ғажайыпты күту уақыты. Барлығына да сүйікті, көптен күткен, қуанышты және рухани мерекелердің бірі.

Жаңа жыл қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалының қызметкерлері «Саумалкөл балалар үйіне» барды. Бұл балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 75 бала тәрбиеленуде.

Балалар үйінің қабырғасында болған алғашқы минуттардан бастап біз оның қызметкерлері өз тәрбиеленушілері үшін жасай алған отбасылық жайлылық пен рухани жылулықтың ерекше атмосферасын сезіндік. Балаларға деген осындай көзқарастың жарқын дәлелі - фотосуреттердегі күлімсіреген балалардың бейнелері және балалардың келген қонақтарға деген ықыласы.

Отбасылық атмосфера тірі өсімдіктер мен гүлдердің, сондай-ақ оқушылардың қолымен жасалған бұйымдардың көптігімен сезіледі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтар мен Аяз Атаның келуіне орай, керемет концерт ұйымдастырып, ән айтып, би билеп, өлең айтты.

Жаңа жылдың бас сиқыршысы - Аяз Ата ӘҚҚ қызметінің бастығы Александр Аркадьевич Ковалев пен филиал қызметкерлері балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлық тілектердің орындалуын тіледі және әрбір тәрбиеленушіге тәтті сыйлықтар, жемістер табыс етті.

 

717