ruenkz

Air Asia лоу-кост әуекомпаниясы 2024 жылғы наурыздан бастап Алматыға ұша бастайды

Салынған уақыты 19.12.2023 09:37

Халықаралық авиатасымалдар саласында қазіргі уақытта 28 елмен 110 бағытта аптасына 567 рейс орындалады.

Соңғы 2 жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт және әлемнің басқа қалаларына 32 халықаралық маршрут ашылды. 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йоркке рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл Қазақстанға ұшуға 6 шетелдік авиакомпания рұқсат алды.

«Ашық аспан» режиміне түзетулер енгізіліп, «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалануға қойылатын барлық шектеу алынып тасталды. Нәтижесінде 2024 жылғы 14 наурыздан бастап Air Asia ірі азиялық лоу-кост компаниясы Алматы-Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және алдағы уақытта Джиддаға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалана отырып ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Мұның бәрі нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, билеттердің қолжетімділігін арттырады.

1146