CANSO Global ATM Safety Conference 2018
Салынған уақыты 19.12.2018 10:25
CANSO Global ATM Safety Conference 2018
2018 жылғы 26-30 қараша аралығында Банф қаласында (Канада) CANSO (CANSO Global ATM Safety Conference 2018) аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінің халықаралық ұйымдардың қорғауында ӘҚҰ кезіндегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жыл сайынғы жаһандық конференция болып өті.
Аталған конференцияда «Қазаэронавигация» РМК-ны ұшу қауіпсіздігін және сапаны басқару жөніндегі департаменттің мамандары таныстырды.
Конференцияда мынадай мәселелер қарастырылды:
- 2017 жылға аэронавигациялы қызмет көрсету кезіндегі ұшу қауіпсіздігі саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама;
- адам ресурстарының тиімді қызметтерін басқару жөніндегі стандартын енгізу (Human Performance Management);
- EUROCONTROL / CANSO Standard of Excellence in SMS 2018 ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелерінің толықтығын тексеру нәтижелерін шолу;
- деректер қоры мен себепті факторларға негізделген IFR ұшуларды орындау кезіндегі және ҰҚЖ заңсыз орын алу кезіндегі эшелондау интервалдарының бұзылуына байланысты қауіпсіздік жағдайына салыстырмалы талдау жүргізу;
- киберқауіпсіздік және оның ӘҚҰ жүйесіндегі рөлі мәселелері;
- ИКАО 11-қосымшасына 50-b түзетуге сәйкес шаршағандықпен байланысты тәуекелдер мәселесінде стандарттар мен ұсынылатын ИКАО тәжірибесін енгізуге дайындық.
Конференция барысында ұшу қауіпсіздігін басқару, сондай-ақ ақпаратпен алмасу және EUROCONTROL / CANSO Standard of Excellence in SMS 2018ж. біздің Кәсіпорында енгізу (бейімдеу) мүмкіндігін тексеру нәтижелері бойынша көшбасшылардың озық тәжірибесін зерделеу бойынша менеджерлермен кездесулер өткізілді.
1399