ruenkz

Алматыда аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күні аталып өтті

Салынған уақыты 11.12.2023 10:32

Алматыда аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күні аталып өтті. TRIP ИКАО жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күніне арналған салтанатты жиын өтті. Әлемнің 30 елінен 280-ден астам қатысушының басын қосқан халықаралық деңгейдегі аталғаншара Қазақстанда алғаш рет өтуде. ИКАО авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату секторы директорының орынбасары Сильвэн Лефуайе Қазақстан формальдылықты оңайлату бағыты бойынша қолдау көрсеткен бірінші ел екенін атап өтті. Салтанатты жиын барысында бір топ қызметкер Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаевтың атынан Халықаралық Азаматтықавиация күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган, халықаралық ұйым, әуежай, шетелдік жәнеотандық әуе акомпаниялары арнайы бекітілген номинациялар бойынша марапатталды. Олардың қатарында, «Терминалдағы үздік шарттар» - Turkistan International Airport ЖШС; «Авиация мамандарының үздік тәрбиешісі» - "Азаматтық авиация академиясы" АҚ; «Цифрлық құжаттармен жұмыс жөніндегі қызметтердің үздік жеткізушісі» - ҚР Цифрлықдаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; «Әуе тасымалдаушыларының белсендікомитеті» - Asiana Airlines; «Клиенттер үшін үздіксервис» - "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ; «Ең жоғары ұшу жиілігі бар әуе компаниясы» - Turkish Airlines; «Сенімді халықаралық серіктес» - International Air Transport Association (IATA); «Ең қолжетімді әуежай (жолаушылардың барлық санаттары үшін)» - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ; «Үздік инновациялық авиакомпания» – FlyArystan; «Үздік инфрақұрылымды әзірлеушілер» - ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметінің комитеті; «Формальдылықты жеңілдету жөніндегі халықаралық стратегиялық серіктес» - International Organization for Migration (IOM), «Ең жылдамдамып келе жатқан авиакомпания» - SCAT әуекомпаниясы; «Жүктемесі көп әуежай» - Алматы халықаралық әуежайы; API/PNR енгізу бойыншаүздік - "Air Astana" АҚ; «Технологиялардың үздікжүзеге асырушы» - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі. Айта кетерлігі, Азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мерекесі сала мамандарының құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап Халықаралық Азаматтықавиация туралы Конвенцияға қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап мерекелене бастады. Осы Конвенцияға сәйкес БҰҰ-ның арнайы агенттігі — Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) құрылғанболатын. Қазақстан 1992 жылы Чикаго конвенциясын ратификациялай отырып, ИКАО-ның толық мүшесі атанды.

 

1126