Қарағанды филиалындағы зейнеткерлік демалысқаа шығарып салу шарасы
Салынған уақыты 11.12.2023 09:48
Корпоративтік мәдени даму мәселесі біздің кәсіпорын үшін маңызды. «Қазаэронавигация» РМК-ның корпоративтік мәдениеті мерекелік іс-шараларды мерекелеу, қызметкерлерді мәдени ағарту, тұрақталған дәстүріне құрметпен, ыждағатпен қарауға бағытталған.
Ұжым ішінде әріптестердің туған күндері, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, 8 наурыз, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Құрбан-айт және тағы басқа мерекелерді атап өту әдетке айналдырылған, кәсіпорын ішінара салт-дәстүрді сақтауға, қызметкерлерге аталған іс-шараларға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, жалпы елдің және ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға бағытталған корпоративтік іс-шараларды өткізеді.
Солардың бірі - жұмыскерлерді зейнеткерлік демалысқа шығарып салу.
Осы дәстүрді сақтай отырып, «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының «Жезқазған» алыс жердегі орнының жұмыскерлері 2023 жылғы 04 желтоқсанда метеорологиялық қызметінің «Жезқазған» АЖО 1 – санатты технигі Татьяна Николаевна Гураны зейнеткерлікке шығаруды ұйымдастырды.
Татьяна Николаевна 1988 жылы Ташкент гидрометеорологиялық техникумын бітірген, мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады. 1994 жылдан бастап азаматтық авиация саласында жұмыс істей отырып, «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының метеорологиялық қызметінің «Жезқазған» алыс жердегі орны технигінен бастап 1-санатты техникке дейінгі жолдан өтті. Оның саладағы еңбек өтілі 29 жылдан асады. Жұмыс барысында ол өзін керемет ұйымдастырушы және өз ісінің білімді, сауатты маманы ретінде көрсетті, өз тәжірибесін жаңадан қабылданған мамандарға берді.
Мерекеде ұжымның атынан алғыс хат және естелік сыйлық берілді. Көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды, оның еңбек жолын еске алды.
1014