ruenkz

ДЖУНРОН Лян ИКАО аэронавигациялық комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

Салынған уақыты 06.12.2023 10:12

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кеңесі ДЖУНРОН Лян мырзаны бір жылғае ИКАО аэронавигациялық комиссиясының (АНК) төрағасы етіп тағайындады. Комиссия Кеңес қабылдайтын немесе бекітетін халықаралық авиациялық Стандарттар мен Ұсынымды тәжірибені (SARPS) және Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларын (PANS) әзірлейді. Оның құрамына азаматтық авиация саласындағы техникалық сараптамалық білімдерін ескере отырып тағайындалатын комиссияның 19 тәуелсіз мүшесі кіреді. Лян мырза 2024 жылдың                        1 қаңтарында қызметіне кіріседі. АНК төрағасы ретінде ол ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі, сондай-ақ аэронавигациялық әлеует пен тиімділік саласындағы жаһандық жоспарларын әзірлеу жөніндегі комиссияның жұмысын басқарады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Комиссияның мүшесі ретінде Лян мырза АНК-да бірінші және екінші вице-президент, сондай-ақ әртүрлі жұмыс топтарында төраға және төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Ол, сондай-ақ, ИКАО-ның салалық консультативтік форумына, АНК жоспарлау тобына және Инновациялық қеңес тобына қатысты. Комиссияға тағайындалғанға дейін Лян мырза Қытайдың азаматтық авиация департаментінде орталық және оңтүстік аймақтардың әуе қозғалысын басқару орталығында әртүрлі қызметтер атқарды, соның ішінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі директор, әуе қозғалысын басқару жөніндегі директордың орынбасары, техникалық бөлімнің бастығы болды. Лян мырзаның әуе диспетчері ретінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

1656