Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 18-отырысы
Салынған уақыты 28.11.2018 09:56
Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 18-отырысы
Мемлекетаралық авиация комитетінде (МАК, Мәскеу қаласы) 2018 жылғы 20-22 қараша аралығында Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 18-отырысы өтті.
Комиссия отырысында мынадай негізгі тақырыптар қаралды:
- Метеорологиялық қатынаста әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– «Ұшу қауіпсіздігін арттыру» ИКАО – МАК жобасын іске асыру»;
- ӘҚҰ кезіндегі авиациялық оқиғаларды тексеру материалдары бойынша ӘКП тәртібінің бұзылуы туралы ақпарат беру;
- «ӘҚҰ кезіндегі ҰҚБЖ-ға қойылатын негізгі талаптар» С бөлімі құжатын ұсыну;
- ӘҚБ АЖ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адами фактор;
- ҰҚБЖ қамтамасыз ету мәселесі – психологиялық аспектілер;
- ӘҚҰ кезіндегі ҰҚБЖ-киберқауіпсіздік;
- Сандық және қашықтағы әуеайлақтық диспетчерлік орталықтар.
Сонымен қатар авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі МАК зертханасына бару ұйымдастырылды, онда отырысқа қатысушылар «қара жәшіктердің» борттық өздігінен жазғыш құралдарынан деректерді алу және қалпына келтіру жөніндегі осы зертхананың жұмыс кезеңдерімен танысты.
«Қазаэронавигация» РМК-ның Үйлестіру комиссиясының отырысына РТЖБП департаменті директорының орынбасары Ж. Т. Күлназаров және ӘҚҰ жүйесіндегі оқиғаларды ішкі тексеру бөлімінің бастығы С.Ж. Әбдірешев қатысты.
1305