ruenkz

ИКАО стандарттарына қол жеткізудегі кезекті қадам

Салынған уақыты 14.11.2018 14:54

ИКАО стандарттарына қол жеткізудегі кезекті қадам

 

2018 жылғы 29 қазаннан бастап 2018 жылғы 9 қараша аралығындағы кезеңде Кәсіби дайындау орталығында (КДО) «Жаттығу құрылғыларында оқуды және жұмыс орнында тағылымдамадан өтуді  жүзеге асыратын диспетчер-нұсқаушыларды даярлау (ATC Simulator/OJT instructor course)» валидациялық курсы жүргізілді, оған 12 қатысушы қатысты, оның ішінде 11 қатысушы «Қазаэронавигация» РМК төрт филиалының өкілдері және 1 қатысушы КДО өкілі. TRAINAIR PLUS бағдарламасындағы курсты ИКАО әдіснамасына сәйкес әзірленген стандартталған оқу-әдістемелік кешені ретінде бекіту мақсатында, іс-шара ИКАО валидаторының қатысуымен өтті. Курс оқу аудиториясында да, сондай-ақ диспетчерлік жаттығу құралында да өткізілді.

TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасы шеңберінде курс әзірлеу туралы шешім 2018 жылғы 10 сәуірдегі Кәсіпорынның ӘҚҚ диспетчерлерін кәсіби даярлау жүйесін әзірлеу және өзгерістер енгізу жөніндегі  жұмыс тобы отырысының хаттамалық шешімімен қабылданған болатын. Сонымен қатар диспетчер-нұсқаушыларды даярлауды қайта қарастыру, "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасындағы" (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 431  бұйрығы)  өзгерістерге байланысты орын алған.

Аталған жобаны ИКАО курстарының әзірлеушілері – КДО мамандары Наталья Хван мен Бахтияр Кучкаров іске асырды, курсты өткізуге Кәсіпорынның диспетчер-нұсқаушылары – әзірленетін саладағы сарапшылар  Асхат Кесикбаев, Назигүл Ақтаева, Георгий Приходько, Дейкун Виктор, Юрий Брызгалов, Андрей Эленберг белсенді атсалысты және тікелей қатысты.

Аталған курс «ОШ ӘҚҰ ӨО», ОҚ ӘҚҰ ӨО», Петропавл және Атырау филиалдарының диспетчерлері және құрылымдық бөлімшелердегі олардың басшылары, сондай-ақ Орталық аппараттағы ӘҚҰ, ҰҚСБ жөніндегі департаменттер өзара іс-қимыл жасай отырып, жұмысты талдау арқылы 2018 жылдың мамыр айында әзірлене бастады.

Осындай курстарды жүргізу үшін сабақ беретін нұсқаушыларға өте жоғары талап қойылған және оған біздің мамандар толықтай сәйкес келеді, атап айтқанда:

іске асырылатын саладағы біліктіліктің сарапшылық деңгейі;
стандартталған курстарды өткізу саласындағы біліктілік (Training Instructor Course TRAINAIR Plus –TP TIC табысты аяқтау);
авиациялық персоналды даярлау саласындағы тәжірибесі кемінде 3 жыл.

Тыңдаушылар әрбір модуль бойынша кері байланыс орнату арқылы жеке сауалнамалар толтыра отырып, сондай-ақ барлық оқу материалдары мен іс-шараларға реакция жасай отырып өз пікірлерін білдірді. Барлық жағдайда курс мазмұнының қажеттілігі мен тиімділігі атап көрсетілді.

Барлық қатысушылар даярлықты табысты аяқтап қана қоймай, курс материалдары мен мазмұнын жетілдіруге маңызды үлес қосты. ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушылары мен емтихан алушыларды әзірлеу жүйесіне қатысты қолданыстағы құжаттамаға айтарлықтай өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы пікірлер айтылып және ол қолдау тапты.

Сөзсіз, осындай жұмыстар курсты әзірлеген, жүргізген және қатысқан, сондай-ақ аталған жобаны іске асыруды ұйымдастырған және көмектескен тұлғалардың кәсібилігінің және үйлесімді жұмысының арқасында  орындалды.

1542