ruenkz

Қазақстан мен Ресейдің XV Өңіраралық ынтымақтастық форумы

Салынған уақыты 12.11.2018 14:52

08 және 09 қарашада Петропавл қаласында Туризмді дамыту тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XV Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізілді. Форумда Қазақстан Республикасы әкімдіктерінің және Ресей Федерациясының субъектілерінің өкілдері қатысты. Форумның басты оқиғасы мемлекет басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путиннің кездесуі болды.

Қала қонақтары сияқта Президенттер де Петропавл қаласына қаланың әуе қақпасы арқылы ұшып келді. Петропавл филиалы қонақтарды қарсы алуға дайын болды. Ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, қызметкерлер дайын болды және тәулік бойғы жұмыс тәртібі орнатылды. 09 қараша күні форумның негізгі күні 39 әуе кемесіне қызмет көрсетілді. Қонақтардың басым бөлігі, соның ішінде Ресей Федерациясынан келген қонақтар көптеген қиын әуе жағдайларына себепші болды, алайда Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі өз жұмысын «Жақсы» деген бағаға орындады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі әуе кемелерінің қонуын жақсы ұйымдастырғаны үшін «Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалына алғысын білдірді.

1540