«Қазаэронавигация» РМК-да халықаралық авиадиспетчер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Салынған уақыты 26.10.2018 15:55
«Қазаэронавигация» РМК-да халықаралық авиадиспетчер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
19 қазанда «Қазаэронавигация» РМК-да халықаралық авиадиспетчер күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Өз баяндамасында әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры С.А. Шүлембеков авиадиспетчер кәсібінің маңыздылығы және қол жеткізілген жетістіктер туралы сөз қозғап, алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар мен мақсаттарды айтты.
Диспетчерлер мен басқа мамандардың, атап айтқанда, инженерлердің, техниктердің, дизайнерлердің жоғары біліктілігінің және олардың жұмыс нәтижелеріне аса зор жауапкершілігімен қарауының арқасында біздің кәсіпорын едәуір жетістіктерге қол жеткізді.
Қазақстанның халықаралық талаптарға сәйкес келетін аэронавигациялық жүйесі ТМД кеңістігіндегі ең озық және заманауи аэронавигациялық жүйе болып саналады.
Бүгінде «Қазаэронавигация» РМК әуе кемелерінің жалпы ұзақтығы 84 мың км болатын 92 әуе трассалары бойынша қозғалысын қамтамасыз етеді. Орташа есеппен алғанда, біздің авиадиспетчерлер шамамен 250 мың әуе кемесінің ұшуына қызмет көрсетсе, қозғалыс қарқынды болған кезде тәулік бойы 700-ден астам әуе кемесін өз бақылауында ұстайды.
Барлық біздің жобаларымыз бен міндеттеріміз аэронавигациялық қызмет көрсетудің жоғары әрі сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, авиадиспетчерлердің жұмыс тиімділігін және, ең бастысы, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Салтанатты жиынның барысында әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметінде көп жылдық жұмыс өтілі бар бірқатар кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және «Қазаэронавигация» РМК бас директорының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара шағын концертпен аяқталды.
1585