Салынған уақыты 15.10.2018 11:44
«Skyline» ӘҚБ автоматтандырылған жүйесін модернизациялау жөніндегі шарттың шеңберінде «Батыс Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалының мамандары өнім беруші «Leidos» компаниясының өкілдерімен бірлесіп, тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Модернизациялау әуе қозғалысын ұйымдастыру саласындағы өзгеріске ұшырап жатқан талаптарға байланысты және «Skyline» ӘҚБ АЖ жабдығын пайдаланылған жылдарда жиналған ескертулер мен ұсынымдар бойынша оның функционалын жақсарту үшін қажет болды.
Барлық жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді – талаптарды келісу, зауыттық сынақтар, алдын ала тестілеу және бағдарламалық өнімнің жаңа нұсқасына ауысу.
Қазіргі кезеңде РТЖБП қызметі ӘҚҚ қызметімен бірлесіп, «Skyline» ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтылымын модернизациялау бойынша техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестікке, сондай-ақ бағдарламалық өнімнің модернизацияланған нұсқасының әуе қозғалысын басқару үшін пайдалануға жарамдылығын тексеруді жүзеге асыруда.
1418