Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңнамасы жөніндегі семинар
Салынған уақыты 16.08.2018 10:36
2018 жылғы 9 тамызда Кәсіпорынның маркетинг және тарифтер басқармасының қызметкерлері семинарға қатысып, онда «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2017-2018 жылдары Заңға және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес енгізілген және аталған кезеңде бекітілген Кәсіпорын қызметіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Семинарға қатысушылар заңнама нормаларын қолдану мәселелерін талқылады. Табиғи монополиялар субъектілерінің есептері мен ақпаратын орналастыруды регламенттейтін Қағидалардың, тиісті саладағы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесінің, Тариф белгілеудің ынталандыру әдістерін ескерумен тарифті есептеу әдістемесінің ережелері қаралды.
Тарифтердің шекті деңгейлерінің қолданылу мерзімдері аяқталған және реттелетін нарықта екі не одан көп объект бар болған жағдайда жоғарыдағыны қолдану мүмкіндігі атап көрсетілді (салыстырмалы талдауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар болса).
Семинар барысында, сонымен қатар, нарық субъектілерінің келісім жобаларының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі тұрғысынан қарау қағидалары, сондай-ақ нарық субъектілеріне арналған монополияға қарсы кешеннің үлгілік сыртқы актілері қарастырылды.
2101