ruenkz

Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтті

Салынған уақыты 14.08.2018 15:18

       Бесінші Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Иран президенті Хасан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов қатысты.   

         Ақтау қаласындағы саммитте бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, Каспийдегі экономика, көлік, экология және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Саммит барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция қабылданды, оны әзірлеу жұмысы 20 жылдан аса жүргізілді.

         Саммитке қатысушылардың әуе кемелерін қабылдау үшін Ақтау әуежайы ерекше жағдайда жұмыс жасады. РТЖБП қызметінің мамандары қону және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық құралдарына, электрмен жабдықтау жүйелеріне комиссиялау жүргізді.

        Әуежай штабындағы жұмысқа ӘҚҚ қызметі диспетчерлік құрамының ерекше дайындалған мамандары: Р. Қожанов пен М. Әбдразақов жіберілді. Саммитті қамтамасыз ету кезеңінде әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында диспетчерлер А.А. Фомин, Ә.Ғ. Інербаев, З.Қ. Жиенәлиев, А.А. Бобров және басқалары көзге түсті.

     Филиалдың ӘҚҚ қызметі және РТЖБП қызметінің жұмыс нәтижелері ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің тарапынан алғысқа ие болды.

 

1847