ruenkz

Жер мен көк

Салынған уақыты 13.08.2018 10:28

Авиация – ең ауа райына тәуелді сала. Биікке әуелемей тұрып, әуе кемесінің командирі ауа райы туралы соңғы мәліметті алады, содан кейін ғана ұшып шығу туралы шешім қабылдайды.

Ақпарат барынша дәл болуы үшін арнайы метеорологиялық қызмет жұмыс жасайды, ал олардың қызметі болмаса, әлемдегі ешбір әуежай жұмысын жүргізе алмайды.

Қостанай әуеайлағындағы ауа райын метеорологиялық қызмет бөлімшелерінің бірі – кәсіби мамандардан, техник-метеорологтардан тұратын метеорологиялық бақылау жүргізу кешені қадағалайды. Олардың жұмыс орнынан ұшу алаңы алақандағыдай көрінеді. Кәнігі кәсіпқой ретінде олар бұлттың пішіні мен түрін, жауын-шашын мен атмосфералық құбылыстың түрін бірден анықтап, ақпаратты тұтынушыларға таратады. Метеорологиялық қызметтің жұмысында КРАМС заманауи өлшеу және ақпараттық жүйелері қолданылады.

Желдің жылдамдығы мен бағытынан бастап ылғалдылық пен ауа қысымына дейінгі ондаған параметрлер ұшақтардың ұшып шығу мен қонуын ұйымдастыратын барлық қызметтердің жұмыс орындарында орнатылған арнайы метеодисплейлерден көрінеді. «Ұшақ-ұшқыш-диспетчер-метеожағдайлар» үздіксіз тізбектің буындары және олардың ешбірі екіншісінен маңызды емес.

Күн сайын авиациялық техник-метеоролог көп еңбекті талап ететін, аса бір маңызды жұмысты атқарады, ал оның мақсаты – жолаушылардың қауісіздігі.

1930